26 там, 2021 сағат 23:28

"Таяу маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды" – Президент


Жамбыл облысына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері, Ішкі істер вице-министрі ұшып кетті. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жамбыл облысына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері, Ішкі істер вице-министрі ұшып кетті. Таяу маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің шамамен 30-ы жарақат алды», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында. 

Мемлекет басшысының атап өтуінше, өрт салдарын жою жөніндегі жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері оқиға орнына шоғырландырылған және темір жол қатынасы уақытша тоқтатылған.