14 жел, 2021 сағат 12:10

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай астанада отшашу болады


Тәуелсіздік күні қарсаңында елорданың 3 көрікті жерінде отшашу болады.

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 15 желтоқсанда демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік салют қойылады. Отшашу кешкі сағат 21.00-де 3 жерде болады: 

1. Ботаникалық бақ; 

2. Атырау көпірінен солтүстікке қарай Есіл өзенінің сол жағалауы; 

3. Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы (Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы)», - деп жазылған баспасөз қызметі берген мәліметте. 

Айта кетейік, осы аптада елорданың мәдениет мекемелері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 40-тан астам түрлі іс-шара өткізеді. 

Өнер ұжымдарынан бөлек елорда кітапханалары көрмелер мен тарих сағаттарын, онлайн-суреттер байқауын, ақындар сайысын өткізеді. Барлық жоспарланған іс-шаралар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.a