Бүгін "Арайлы Ақтөбеден киелі Түркістанға" атты рухани керуен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Түркістан облысының "FARAB" атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында "Тәуелсіздікке тарту" атты ақындармен әдеби кездесу өтті.
Құттықтау сөзді Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызы мен Түркістан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы ашты. Шара барысында ақын, Тілеулесов Талғат Бұрханұлы мен Лаура Телманқызы Палман жырдан шашу шашты.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Жұманазар Асан мен Түркістан қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі Қуанышбаев Өтепберген Жаңабайұлы және Түркістан облысының әйелдер алқасының төрайымы Мұстафаева Ұлжан Әбенқызы екі өңірдің ортасына рухани көпір салынғанына шексіз ризашылықтарын білдірді.
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы " Ақтөбе - ежелден жыраулар мекені" атты кітап көрмесін ұйымдастырып, "Ақтөбе кітапханасы" сериясымен шыққан 50 томдық кітапты сыйға берді.