
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болған тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын айтулы шаралармен атап өтуге үлкен басымдық берген еді.
Осы бастама аясында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Тәуелсіздікке тарту: 30 отты жыр!» челленджін бастады. Тәуелсіздік тақырыбына арналған рухты жыр мен отты өлеңдер челленджі өңірлік білім беру ұйымдарына және аймақтың белсенді жастарына құрметпен жолданды.
Челленджді бастаушы - Самғау жастар сыйлығының иегері, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Шәкизат Қаратайұлы.
