29 там, 2016 сағат 20:17

Тәуелсіздік жылдарындағы діни мерекелердің қоғам руханиятына ықпалы

Кез келгенәлем халқы үшін тәуелсіздікең басты құндылық. Міне, осындай көптеген халыққа бұйырмаған баға жетпес байлық қазақ елінің бағына жазылыпты. Биыл тәуелсіздікке 25 жыл толып, қазақ елінің іргесі осы жылдар ішінде беки түсті. Қазақстан ширек ғасырда шекарасыннықтап, әлем елдерімен байланысын күшейтті. Ішкі тұрақтылыққа қол жеткізіп, қоғамның барлық салаларының дамуына жол ашылды.Соның ішінде рухани салада ілгеріледі.Халық кеңес өкіметі кезінде ұмытып бара жатқан руханиятымен қайта қауышып, діни мерекелерді ашық атап өтуді әдетке айналдырды.

2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының II cессиясында Елбасы Н.Назарбаев Құрбан айт пен Рождествоның алғашқы күндерін мерекелік демалыс күндері етіп бекітуді ұсынды. Елбасының бұл ұсынысынҚазақстан халқыжәне Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары қолдады.Кейін ұсынысты қарау Парламентте жалғасын тауып, ҚР «Мерекелер туралы» Заңға жедел өзгертулер мен толықтырулар енгізу жайындағы мәселе талқыланды. Нәтижеде Құрбан айт пен Рождествоның алғашқы күндерімерекелік демалыс күндері болып жарияланды.

Бұл елдегі христиандар мен мұсылмандар үшін үлкен жаңалық болды. Қазақстан қоғамының рухани дамуына оң ықпал ететін тарихи оқиғаға айналды. Діни мерекелер қарсаңында ел аумағында, тіпті әлем елдерінде ауқымды қайырымдылық шаралар мен ізгілікке бастайтын акциялар ұйымдастырылады. БАҚ беттері мен ғаламтор желілері жағымды жаңалықтарға толып, адамдардапозитивті көңіл-күй қалыптасты.

Мұсылмандар Құрбан айт мерекесінде адал қаржымен шалынған құрбандықтарын әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға, көмекке мұқтаж жандарға үлестіріп, қоғамдағы адамдардың бір біріне деген сүйіспеншіліктің артуына елеулі үлес қосып келеді. Айт күнідері мұсылман қауымы бір-бірін мерекемен құттықтап, көптен көрмеген алысты-жақынды туыс-туғандарымен, дос-жарандарымен көрісуде. Көрші-қолаңмен үй аралап, аралары алыстағандары болса қайта табысуда. Өлілерді де естен шығармайтын қазақ халқы айт күніҚұран оқып, сауабын марқұмдардың рухына бағыштайды.

Жыл сайын Құрбан айт пен Рождестводіни мерекелері қарсаңында Елбасы дәстүрлі түрде мұсылмандар мен христиандарға құттықтау сөздерін, тілек сөздерін айтуды әдетке айналдырған. Бүгінде Елбасы мерекелік демалыс күндері етіп бекітуді ұсынған аталмыш діни мерекелер Қазақстан халқының дәстүрлі түрде атап өтетін мерекесіне айналып, жылдан жылға республикадағы ауқымы артып келеді. Бұл өз кезегінде Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі. Мемлекет пен діни бірлестіктердің ара қатынасының тұрақтылығының көрінісі. 25 жылға толып отырған тәуелсіздіктіңжемісі. Сондықтан тәуелсіз Қазақстанның тұғыры биік болып, абыройы асқақтай берсін!

Рашимбетов Р.Т.,

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу

және талдау орталығының

ғылыми қызметкері

Ұлт порталы