Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің телевизия саласына зор еңбек сіңірген бірқатар журналист Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тәуелсіздік күні – күллі жұртымыз үшін ұлық мереке. Азаттығымыздың 30 жылдығы қарсаңында азаматтардың еңбегі еленіп, Мемлекет басшысы тарапынан әртүрлі марапат алып жатыр. Төккен тер мен тынымсыз еңбекті елдің ең жоғарғы басшысы елеп жатса, әрине, ол – зор қуаныш. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің телевизия саласына зор еңбек сіңірген бірқатар журналист Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Сонымен «Құрмет» орденімен «Хабар» агенттігінің тележүргізушісі Зейін Әліпбек пен «Қазақстан» ҰТА «Апта» сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбек наградталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Хабар24» телеарнасының жүргізушісі Асылбек Абдулов, журналист Мұхтар Түменбай және «КТК» телеарнасының жүргізушісі Мәдина Балғабаева марапатталды», - деп жазды Берік Уәли.