17 жел, 2021 сағат 02:06

Тәуелсіздік күні: Алматы құтқарушылары қазақстандықтарды ерекше құттықтады


Алматылық өрт сөндіруші-құтқарушылар қазақстандықтарды мерейтойлық датамен құттықтап, жергілікті бюджет есебінен алынған өрт сөндіру техникасынан «30» мерейтойлық цифрын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматылық құтқарушылар жаңадан ашылған өрт сөндіру депосына берілген су жаңа көліктерден Тәуелсіздік күніне орай «30» санын жазып құттықтады. 

Сондай-ақ осы күні қалада жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Оның жалпы алаңы - 3524 шаршы метр. 

6 шақырылымға есептелген, оқиға орнына дейін жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және Алатау ауданының Индустриалды аймағын, оның ішінде Саялы, Көк-Қайнар, Томирис, Мәдениет шағынаудандары мен 71 разъездің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттырады. 

Ауданның белсенді дамуын ескере отырып, өрт сөндіруге арналған техникамен қатар, бөлік арнайы автотехникамен жабдықталған, оның ішінде биік ғимараттарға арналған. 

"Мұнда 131 қызметкер жұмыс істейді. Бөлімде негізгі және арнайы мақсаттағы 10 заманауи өрт сөндіру автомобильдері орналасады. Жеке құрам үшін тұрмыстық үй-жайлар, демалыс бөлмелері, психологиялық жеңілдету бөлмесі, тренажер спорт залы қарастырылған", - деді Алматы қаласы ТЖД басшысы Руслан Қасымбаев.


Кәсіби дайындық үшін оқу-жаттығу мұнарасы, кедергілері бар 100 метрлік жолақ бар. Сондай-ақ гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана мен пәтерлер қарастырылған. Бүгінгі күні қалада өртке қарсы қызметтің 18 бөлімшесі жұмыс істейді. 

«Жаңа Алматы» кешенді жоспарын орындау аясында Алматы әкімдігінен 33 бірлік өрт сөндіру автотехникасы, өрт сорғы станциясы, екі өрт сөндіру автоцистернасы, 14 өрт сөндіру автоцистернасы, 7 жылдам әрекет ету автомобилі, жеңдік автомобиль, авариялық-құтқару автомобилі, үш УАЗ автомобилі, шағын автобус, самосвал, екі жүк автомобилі алынды.