Бас прокуратура "Тасмағамбетовке қатысты тергеу туралы" хабарламаға түсінік берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының Иманғали Тасмағамбетовке қатысты оның "Астана LRT" ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатқан болуы мүмкін екені туралы хабарлама тарап жатыр.
Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.
Олар қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.