3 ақпан күні үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовтің қызметінен босатылып, Ресейге елші болып тағайындалғанын мәлімдеді. Ақорданың баспасөз қызметі бұл шешім туралы Facebook парақшасында жариялады.
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысында дүниеге келген.
1991 жылдан - ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
1993 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі.
1995 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі.
1997 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.
1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі.
1999 жылдан - Атырау облысының әкімі.
2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі.
2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы.
2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі.
2008 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласының әкімі.
2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі.
2016 жылғы 13 қыркүйек айынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Ұлт порталы