04 сәу, 2018 сағат 17:05

Тасқыннан зардап шеккен Аягөзде қанша отбасыға жаңа баспана беріледі?

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Ақтанов бастаған арнайы комиссия тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бағалау комиссиясының мамандары су басқан үйлерді тексеруден өткізуді бастады. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 34 отбасы жаңа баспана алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

«Осы аптаның соңына дейін қайта жөндеуге келмейтін 52 үйдің 34-інде тұратын отбасы жаңа баспанаға көше алады. Бұл бұрынғы үйлерге қарағанда әлдеқайда сапалы, мүлде басқа үйлер. Қалған 18 үй бойынша сұрақтар туындады. Оларды комиссия тексереді", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Ақтанов бастаған арнайы комиссия тексеру жұмыстарын жүргізуде. 22 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үйлері қалпына келтіруге келмейтін 52 отбасының 16-сы жаңа баспанаға көшті. Одан бөлек тағы 18 үйді сатып алу жөнінде құжаттар әзірленуде. Даниал Ахметовтың айтуынша, 3-4 күн ішінде тағы 18 отбасы үймен қамтылады.

Зардап шеккендерге баспана сатып алу үшін барлығы 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Облыс әкімінің резервінен – 80 млн теңге, аудан әкімшілігі резервінен – 42,3 млн теңге, «Парыз» қорынан – 100 млн теңге бөлінді.

Еске сала кетсек, эвакуацияланған 515 адамның бүгінде 408-і үйлеріне қайта оралды.