26 қар, 2018 сағат 20:25

​Тәртіптік жаза қолдану ұсынылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиында 10 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралып, отырыс қорытындысымен 5 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылып, ал қалған 5 қызметкерге қатысты тәртіптік іс өз дәлелін таппауына байланысты тоқтатылды.

Жаза қолдану ұсынылған лауазымды тұлғалардың қатарында жер учаскелеріне сауда-саттық арқылы құқық табыстау барысында Қағида жәнеҚазақстан Республикасының Жер саласындағы заңнама талаптарын сақтамай мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Түркістан қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысыУсенбаев Қыдырбай Бердибаевичке «атқаратын қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Ал, Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін 4 лауазымды тұлғаға, яғни Кентау қаласы Шорнақ ауылдық округінің әкімі Ермаханов Оразали Мусабековичке іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болған іс-әрекеті үшін «қатаң сөгіс», Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Нурабаева Шуга Тумаханбетовнаға мемлекеттік сатып алу барысында әлеуетті өнім берушіге жұмыс тәжірибесі бойынша шартты жеңілдіктер берілмегені үшін «сөгіс», Кентау қаласы Қарашық ауылдық округінің әкімі Айтметов Фуркат Ирскуловичке қызметтік әдепті сақтамай, дөрекілік әрекеті үшін «сөгіс»,сондай-ақ, Кентау қаласы Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Муслимов Хасан Алихановичке Еңбек кодексінің талаптарын сақтамай, әлеуметтік қызметкерді жұмыстан босатқаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Одан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында 3 есеп тыңдалды. Олар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының ашылуы мен жоспары туралы филиал директоры Ж.Момынқұловтың және өңірдегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыруы туралы департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Н.Шынтаевтың, сондай-ақ, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Қ.Жолдыбайдың Жер инспекциясының қорытындысы негізінде орын алған кемшіліктерді жою бойынша атқарылған жұмыстарының есептері қаралды.