09 там, 2021 сағат 23:16

Алматы облысында тәртіп сақшылары гидроцикл иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді


Алакөл ауданының тәртіп сақшылары көл жағасында қызмет көрсететін гидроцикл иелерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы жаңалықтардан қайғылы оқиғаның орын алғаны бәрімізге мәлім. Аталған келеңсіз жайттың қайталанбауы және оның алдын алу мақсатында біз көл жағасында қызмет көрсететін гидроцикл иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Су көлігін жүргізу кезінде қолданылатын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша нұсқау бердік. Мұндай көлікті басқаруда кейбір абсолютті ережелер бар, оларды сақтау азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады», – деді Алакөл АПБ бастығы Қуат Оспанов.

Бұған тәртіп сақшыларымен қатар төтенше жағдай қызметі де тартылды. Іс-шара барысында көл жағасында қызмет көрсететін барлық гидроцикл иелері қамтылды.

«Суға шомылу маусымында барлық азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Біз сақтық шараларын сақтасақ қана қайғылы оқиғалардың алдын ала аламыз», – деп толықтырды подполковник Қуат Оспанов.