Тараздықтар Жамбыл облысының Байзақ ауданында жарылыс салдарынан қаза болған құтқарушылардың құрметіне гүл қойып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық төтенше жағдайлар депатаментінің Іnstagram парақшасында естелік бұрышының мекенжайы жарияланды.
«Аза тұту рәсімі Тараз қаласының №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өтті. Қаһармандарға әріптестері, туған-туыстары мен қаламыздың жанашыр тұрғындары құрмет көрсетуге жиналды.
Қайғылы оқиға біздің 5 үздік әріптесіміздің, кәсіби мамандардың өмірін қиды. Марқұмдар әріптестері мен достарының жүрегінде сақталары сөзсіз. Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы аталған қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып көңіл айтады. Олардың есімі көңілдерде мәңгілік сақталады.
Естелік бұрыштары Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 13, Тараз қаласы, Қаратау шағын ауданы 42, № 1 мекенжайларында орналасқан», - деп жазылған. департаменттің мәліметінде.