Фото: Ашық дереккөз
Тараз қаласында жолаушы мен автобус жүргізушісі арасындағы жанжал пышақтасуға ұласты, деп хабарлайды Ult.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген бейне әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда оқиға орнына келген полиция қызметкерлері агрессивті ер адамды ұстап жатқанын көруге болады. Сипаттамада мас күйдегі жолаушы жүргізушіден жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан бағыт бойынша жүруін жалғастыруды талап еткені айтылған.
Екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан жолаушы жүргізушіні пышақпен жарақаттаған.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі салонда болған жанжал кезінде ер адам жүргізушіге пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
9 наурыз күні полиция Таразда болған тағы бір жағдай туралы да мәлімдеді. Әйел адам өзін қарақшылық шабуылдың құрбаны болдым деп хабарлаған. Алайда тексеру барысында ешқандай шабуыл болмағаны анықталған.
