26 ақп, 2022 сағат 11:15

Таразда атыс болып, екі адам жараланды

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінінен алынған сурет

Тараз қаласы Абай даңғылы бойындағы Discovery дәмханасында атыс болды. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"25 ақпан күні сағат 22.30 шамасында 102 пультіне Тараз қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан Discovery дәмханасында белгісіз біреулер арасында атыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен патрульдік полиция қызметкерлері жөнелтілді. Екі адам ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.