23 ақп, 2024 сағат 16:36

Тараз тұрғынынан құны 10 млн теңге тұратын үнді марихуанасы тәркіленді


Жамбыл облысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Тараз қаласының 50 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жедел іздестіру іс-шаралары «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өткізілді. Яго есімді қызметтік ит тұрғылықты жерін тінту кезінде сарай мен бақшада жасырылған есірткіні табуға көмектескен.

Күдікті тыйым салынған заттарды канистрлерде сақтаған. Жалпы салмағы 4 кг 604 грамм кептірілген үнді сортты марихуана тәркіленді. 

«Тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» құны 10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.