30 нау, 2021 сағат 15:32

Танзания Президентімен қоштасу рәсімі кезінде 45 адам қаза тапты

21 наурызда ел президенті Джон Магуфулимен қоштасу рәсімі кезінде Танзанияның ең үлкен қаласы Дар-эс-Саламдағы стадиондағы кептелістен 45 адам қаза тапты, тағы 37 адам жарақат алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Танзанияның The Citizen газетіне сілтеме жасап.

«Адамдар стадионға бекітілген маршрутты айналып өтуге тырысқандықтан қайтыс болды», – деді Дар-эс-Саламның арнайы полиция аймағының қолбасшысы Ласаро Мамбосаса. 

Бұған дейін қала билігі бес адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған еді.