Танымал орындаушылар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары Алматыдағы өз сайлау учаскелерінде дауыс береді. Сонымен, сайлаушылар арасында Raim, Айқын Төлепберген, Kyle Ruһ, КешУоu тобының экс-солисі Балауса Ерғалина және басқалары байқалды.
Атом электр станциясын ( АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысқан әнші Нұрсұлтан Байғұн Алматының Алатау ауданындағы №176 мектеп-гимназиясында орналасқан №508 сайлау учаскесіне келді.
«Мен ересек ұрпақтың ғана емес, жастардың да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарайтынына қуаныштымын. Өйткені, біздің болашағымыз осыған байланысты. Бұл жай сөздер емес. Қазақстанның әрбір азаматының референдумға қатысуы маңызды», - деп атап өтті Нұрсұлтан Байғұн.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.