Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның орнына тағы бір қазақстандық маман құрама тізгінін ұстамақ. ҚФФ басшылығы жаңа бас бапкермен келіссөз өткізіп қойған.
Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Молдова құрамасына қарсы екі тоғыспа кездесуіне тағайындалады. Бұл ойындар 24 және 29 наурыз күні өтеді.
Айта кетейік, Талғат Маруаұлының жаттықтыруымен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысып, үш ұпаймен топта соңғы орын алды.
1041 рет оқылды