15 қаз, 2024 сағат 15:54

"Талғардағы оқиға": Дүкендегі бейнекамера жазбалары толығымен жарияланды

Талғар қаласындағы 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты Қонаев қаласында брифинг өтті. Прокуратура "Қамажай" дүкенінде орнатылған бейнекамера жазбасын журналистерге көрсетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, күдікті адамдар ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

"Өкінішке қарай, біз осы уақытқа дейін қылмыстық процесстік кодекстің талаптарына байланысты шектеуде болдық. Тергеу мәліметтерін көпшілікке жария ете алмадық. Дегенмен ақпарат кеңістігінде жалған мәліметтердің тез таралуына байланысты прокуратурамен келісімге келіп, кейбір ақпаратты ашық түрде талқылау үшін бүгін жиналып отырмыз. Жағдайдың обьективті көрінісін қалыптастыру үшін біз оқиға орнынан тәркіленген бейнежазбаны ұсынамыз. Онда әрбір қатысушының әрекеттері көрсетіледі", – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов. 


Бұған дейін Талғар ауданында үйді өртеу қылмысы бойынша барлық айғақтар алынып, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз.