instagram/advokat_saryyeva
Талғардағы кеше ұрланған кішкентай қызға дәрігерлер сәтті ота жасап, тіліне сегіз тігіс салды. Бұл туралы адвокат Гаухар Сәриева әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Ult.kz.
Сәриева оқиғаға қатысты жаңа мәліметтерді де бөлісті. Оның айтуынша, қылмыскер қызды көлігіне отырғызып, жардан құлап кеткен кезде бала жарақат алып, денесінде жаралар пайда болған.
"Ол (қылмыскер – еск.) оған қол тигізбеген. Қыз аман қалды. Ол қылмыскер әйелді де, баланы да алып кету үшін келген болуы мүмкін. Егер ол оларды үйде көргенде не боларын елестете алмаймын", – деді Сәриева.
Адвокаттың мәліметінше, қызы ұрланған жәбірленуші әйел – медбике. Қыз ұрланған, ал ағасы өлтірілген сәтте ол көршісінің үйінде қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа дәрі қойып жатқан.
Еске салайық, 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызылқайрат ауылында дүр сілкіндірген қылмыс болды. Ер адам ауыл тұрғынын атып өлтіріп, оның кішкентай жиенін ұрлап кеткен. Кейінірек арнайы жасақ баланы құтқарып, анасымен қауыштырды. Күдікті ұсталды.
Сәриева оқиғаға қатысты бірнеше видео жариялап, кейбір деректерді нақтылады.
