11 қаз, 2024 сағат 11:01

Талғар маңында тағы атыс болды: полиция мәлімдеме жасады


Instagram-дағы kris_p_talgar паблигінде Талғар маңындағы Тұздыбастау ауылы жанындағы жолда атыс болғаны туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді.
Зардап шеккендер жоқ. Жағдайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы облыстық ПД өкілдері.


Айта кетейік, бір апта бұрын Талғарда жаппай төбелес болып, артынша 15 жастағы жасөспірім қаза тапқан еді. Бұл іс қоғамда резонанс туғызып, кейін істі ІІМ ерекше бақылауына алынғаны белгілі болды.