27 шілдеде таңертең Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалған. Марқұм 41 жаста болған.
Жолан Омаров 2019 жылдың қыркүйек айында Талғар ауданының әкімі болып тағайындалған. Оған дейін шамамен екі жыл Алматы облысы Райымбек ауданын басқарған. Түрлі жылдары Алматы облыстық жер қатынасы, туризм басқармаларында қызмет істеген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Қазақ Ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.