Фото: Pexels.com
Жетісу облысының екі тұрғыны ҚР ҚК 205-бабының 2-бөлігі және 208-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Сот анықтағандай, олар медицина қызметкерлерінің есептік жазбаларын заңсыз иемденіп, Damumed ақпараттық жүйесіне және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрғындарды тіркеу тізіліміне рұқсатсыз қол жеткізген.
Айыптыларға 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу міндеттелді.
Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейлік хакерлердің базаны бұзуы бойынша шұғыл тексеру жүргізетінін хабарлады.