02 ақп, 2023 сағат 12:13

Талдықорғанда жылу құбыры жарылып, 67 көпқабатты үй жылусыз қалды

видео скриншоты

Талдықорғанда жылу магистралінде жарылыс болып, көпқабатты және жеке үй тұрғындары жылусыз қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"ТалдықорғанЖылусервис" 2 ақпанда таңғы сағат 6:00-де Желтоқсан көшесінің бойында (Медеу көшесі жанында) Д700 миллиметрлік жылу магистралінде жарылыс болғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жою жұмыстары басталды", - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, "Самал", "Мүшелтой", "Ғарышкер", "Жастар" ықшамаудандары мен қаланың орталық бөлігіндегі 67 көпқабатты тұрғын үй, 34 жеке тұрғын үй, 12 бюджеттік ұйым жылудан ажыратылады.

"Аралық қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Күн аяғына дейін апатты жою және жылу беруді қалпына келтіру жоспарланған", - делінген хабарламада.