20 қаң, 2024 сағат 09:32

Талдықорғанда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды - видео


Талдықорғанда мешіттердің бірінен намаз кезінде аяқкиім ұрлаған азаматтың әрекеті бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

"Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармайды, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр", – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.    

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.