21 қаң, 2021 сағат 11:26

Талдықорғанда қоғамдық көлік отқа оранды

Талдықорғанда көшенің қақ ортасында қоғамдық көлік отқа оранды. Автобус толықтай жанып кетті. Абырай болғанда зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«228-ші бағыттағы автобус Назарбаев даңғылының бойында отқа оранды. Алдын ала болжам бойынша, өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан болған. Көлік жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ», - деді Талдықорған қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбақыт Алтынбеков.

Бөлім басшының айтуынша, автобус «Трансталл» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі. Қазіргі уақытта қызыл жалынға оранған көлік аталған серіктестіктің аймағына жеткізілген. Өртті төтенше жағдайлар қызметінің мамандары сөндірген.