31 шіл, 2020 сағат 14:45

Талдықорғанда қашықтан құрбан шалынып жатыр

Талдықорғанда қашықтан құрбан шалынып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Талдықорған қаласы Орталық мешітінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Биыл елімізде алғаш рет www.Qurban2020.kz арқылы құрбандыққа қашықтықтан тапсырыстар қабылдану басталды. Аталмыш игі шара елімізде коронавирус індетінің алдын-алу және елдің денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылды. Құрбандықтан түскен ет еріктілер топтарының көмегімен түгелдей мұқтаж отбасыларға таратылатын болады»,-делінген сайт таратқан ақпаратта.