27 қар, 2020 сағат 10:20

Талдықорғанда газ жарылысы: Ауыр халде жатқан 4 науқасқа Алматыдан дәрігер жеткізілді

Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллон жарылысынан жарылысынан зардап шеккен 4 науқасқа санавиация арқылы Алматыдан арнайы маман жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«Қазіргі уақытта Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада жатқан 4 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ауруханаға түскен сәттен бастап дәрігерлермен 4 консилиум өткізілді. Республикалық санавиация арқылы Алматыдан жетекші травматолог-комбустиолог келді. Барлық медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектер және медициналық техникамен қаматамсыз етілген», - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

 

Ресми өкілдің мәліметінше, жағдай Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың жеке бақылауына алынған. 

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жер үйлердің бірінде газ баллон жарылып, 8 адам зардап шекті. 

Төтенше жағдайлар қызметінің болжамы бойынша, баллон пештің жанында тұрған. 

Жарылысқа осы жағдай себеп болуы мүмкін. 

Зардап шеккен 8 адам жедел түрде Талдықорғандағы 3 ауруханаға жеткізілді. Оның төртеуінің жағдайы өте ауыр.