13 мам, 2024 сағат 17:44

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасаған тұрғын сотталды

Сурет: Orda.kz

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісінің мойнын тілгілеп, өлтіруге оқталған тұрғын сотталды. "Немолчи" қорының мәліметінше, ер адам 11 жыл 7 айға бас бостандығынан айырылған.

  • 99-бап - Кісі өлтіруге оқталу
  • 293-бап - Бұзақылық

Еске салайық, қыздың бұрынғы жігіті оның жұмысына келіп, ұрып-соғып, шабуылдап, еденге құлатып, кеңсе пышағын алып, тамағын кесіп тастаған.