05 сәу, 2022 сағат 19:00

Таиландтағы турнир: Қазақстандық жеті боксшы жартылай финалға шықты


Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде әзірге жеті боксшы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешкі сессияда Санатәли Төлтаев пен Сұлтан Мусинов ( екеуі де 63 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі) ширек финалда сүрінген жоқ. 

Осылайша олар жартылай финал жолдамасын жетеуге жеткізді. 

Айта кетсек, бүгін тағы үш жолдамаға Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай (екеуі де 91 келі) ие болған еді. 

Ал Таиландтағы турнирде қазақстандық тағы бір боксшы Нұрбек Оралбай бірден жартылай финалға шығып, жүлдегер атануға мүмкіндік алды. 

Сондай-ақ, ел құрамасынан Тимур Нұрсейітов (75 келі) ширек финалда жарыс жолынан шығып қалды. 

Енді ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) ширек жекпе-жегін өткізеді.