20 сәу, 2021 сағат 06:12

Тағы бір облыс "қызыл" аймаққа өтті

Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша тағы да "қызыл" аймаққа өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

20 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта - Қостанай және Түркістан облыстары орналасқан.