22 қаң, 2025 сағат 18:20

Тағы бір автожол ақылы болады

Фото: КазАвтоЖол

26 қаңтардан бастап "Қызылорда-Арал" жолында жүру ақылы болады, деп хабарлайды Ult.kz. Бұл туралы"ҚазАвтоЖол" мәлімдеді.

Қазірде осы учаскеге 6 бақылау аркасы және клиенттермен жұмыс істейтін орталық қойылған. Аркаларда орнатылған камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысы, олардың жылдамдығы мен қарқындылығы, жолдағы жағдай және тағы басқа мәліметтер тіркеледі.

Енді автожолда төлем бекеттері болмайды. Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Бүгінде төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар.

Олар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау.

Бір бағыттағы (454 шақырым) төлем мөлшері:

  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 2840 теңге, кейінгі төлем – 3330 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 5750 теңге, кейінгі төлем – 6740 теңге;
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін алдын-ала төлем – 8570 теңге, кейінгі төлем – 10 100 теңге;
  • жүк көтергіштігі 10 таннандан жоғары және 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 11 470 теңге, кейінгі төлем – 13 470 теңге;
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын-ала төлем – 14 290 теңге, кейінгі төлем – 16 830 теңге.

Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан, сондықтан төлемақыны уақтылы жасаған дұрыс.

Айта кету керек, жеңіл көлік иелері Қызылорда-Арал жолын тегін пайдаланады. Жергілікті тұрғындар үшін бір айлық және бір жылдық абонементтер қарастырылған.