12 нау, 2021 сағат 08:05

Қазақстанда тағы 964 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

11 наурызда Қазақстанда тағы 899 адамға коронавирус жұққаны тестпен дәлелденді. 10 наурыз күнгі мәлімет бойынша, 65 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 9 адам өлімі тіркелген: 9 адам - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады. (Денсаулық сақтау министрлігі адам өлімі мен коронавирус пневмониясы бойынша екі күн бұрынғы деректі жариялап келеді). 

Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан бері 221 669 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Басым бөлігі жазылған. Содан бері 2 837 адам қайтыс болған. 

Коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген науқастар көрсеткіші бойынша Алматы қаласы әлі алда тұр. Өткен тәулікте мұнда 237 науқас тіркелген. Нұр-Сұлтанда да жүзден астам (112) науқас қосылған. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді. 

Аймақтар бойынша көрсеткіштер:

 Нұр-Сұлтан қаласында -26 124 (+112),
Алматы қаласында - 26 708 (+237),
Шығыс Қазақстан облысында - 22 394 (+34),
Атырау облысында - 17 582 (+41),
Павлодар облысында - 18 363 (+52),
Қарағанды облысында - 15 965 (+68),
Ақмола облысында - 14 347 (+55),
Батыс Қазақстан облысында – 13 667 (+71),
Солтүстік Қазақстан облысында - 12 679 (+38),
Қостанай облысында - 12 973 (+49),
Алматы облысында - 11 443 (+76),
Шымкент қаласында -6 319 (+9),
Жамбыл облысында - 6 099 (+9),
Түркістан облысында - 4 340 (+5),
Маңғыстау облысында - 4 292 (+0),
Ақтөбе облысында - 4 463 (+39),
Қызылорда облысында -3 911 (+4).

Билік 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарға жеке код беріп, оларды жалпы Covid статистикасына қоспай бөлек есептеп келеді. Оған дейін қанша адамның аталған ауру түріне шалдыққаны белгісіз. Министрлік коронавирус пневмониясын пневмонияның жалпы түрлерінен ажырату қиын болғандығын алға тартқан. Соңғы мәлімет бойынша, 7 айдан астам уақыт ішінде 49 694 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 44 534 адам жазылған. 652 адам қайтыс болған. 

Қазір коронавирус пен коронавирус пневмониясынан 18 558 адам емделіп жатыр. 231 адамның жағдайы - ауыр, 47 пациенттің жағдайы - өте ауыр, 45 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған. 

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 118,4 млн адамға коронавирус жұққан. Шамамен 67 млн жазылған, 2,6 млн адам қайтыс болған.