Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес
квазимемлекеттік сектор субъектілері ұйымның және оның қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын
сақтауын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді
айқындауға тиіс.
Осыған байланысты, сондай-ақ мемлекеттік мекеме субъектілерінде
комплаенс-қызметтерді тарату мәселелерін жылдамдату мақсатында өткен аптада Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
департаменті мемлекеттік ұйымдар басшылары мен Компленс-офицерлерге арналған
онлайн-семинар өткізді.
Семинарда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы
облысы бойынша филиалының директоры К.Шакишев баяндама жасады.
Кері байланыс барысында қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар
берілді.
Онлайн-семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар Комплаенс-офицерлер үшін
қосымша білім алуға қызығушылық танытты.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы
заңнамаға түзетулер енгізуді тапсырған болатын. Өзгерістерге сәйкес,
квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын компаниялар сыбайлас
жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық
бөлімшелерді айқындайтыны жеке көрсетілген.
Оның функциясына қызмет барысының жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестігін ғана емес, жемқорлыққа қарсы стратегияны да, іс-шаралар жоспарының сәйкестігін де жан-жақты бақылау кіреді. Бір сөзбен айтқанда, тиімді комплаенс бақылау кәсіпорын қызметінің ашықтығын және оған деген сенімді қатынасты қамтамасыз ете алады.