11 қаз, 2016 сағат 08:45

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Мұхамедиұлына қарсы айыптауларды тексеруде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптайтын бейнекөрініс пайда болғаннан кейін жағдайдың мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазір анықтау процесі жүруде, әзірге бұл мәселеге қатысты түсінік бере алмаймыз", — деді ұлттық бюроның басапсөз қызметінде.

Жексенбі, 9 қазанда Youtube арнасында өзін "Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының  бұрынғы түлегімін" деп таныстырған Еңлік Сыдықова Арыстанбек Мұхамедиұлын "қырындады һәм орынсыз ұсыныс жасады" деп айыптады. Таратылған бейне үндеуде Сыдықова 2011-2015 жылдары ҚазҰӨА–да "музыка театрының актрисасы" мамандығы бойынша білім алғандығын баяндайды. Ол жоғарғы оқу орнына түспек болған, алайда емтиханға кешігіп қалған. Сол кездері жоғары оқу орынның ректоры болған Мұхамедиұлы Сыздықовамен кездесіп (оның сөзіне сенсек), мәселені үш мың доллармен шешуді ұсынған. Одан кейін қыздан қайда және кіммен тұратынын сұрай бастаған.

"Содан кейін, ол: "Сен менімен қонаққа барасың ба, шарап ішіп, би билеп, көңіл көтереміз", — деді", — дейді. Ол бұл ұсыныстан да бас тартқан, бірақ университетке оқуға түскен. Бұрын бұл туралы айтуға қорыққандығын да жеткізді.


Дүйсенбі күні министрлік бұл мәселеге қатысты түсінік берді. Еңлік Сыдықованың мәлімдемесін Мұхамедиұлы "жала жабу" деп қабылдайтынын айтты. Сондай-ақ өз абыройы мен намысын заң жүзінде қорғайтынын ескертті.

"Бейне үндеу жасаған қызға адвокаттармен кеңескен жөн. Қылмыстық кодексте азаматтарды осындай дәлелсіз айыптаулардан қорғайтын норма бар. Бұл "жала жабу" туралы бап. Мен заңгерлерімнен осы бейнені зерделеп, жауапты құқықтық шаралар қолдануды сұраймын", — дейді министр.

Бұл Арыстанбек Мұхамедиұлын алғашқы атышулы айыптау емес. Қазақстандық режиссер Талғат Жәнібеков "мәдениет министрлігі мен Мұхамедиұлы "Феникс" фильмінің түсірілімін қаржыландыруға "пара" талап етті" деп айыптаған. Мәдениет және спорт министрілігінің басшысы айыптаулардан бас тарып, режиссерді сотқа берді. Бұл мәселе бойынша министрге қатысты іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

sputniknews.kz