Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешу үшін Үкіметтен 30 млн теңге сұраған. Бұл мәселе бүгін Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.
СҚО әкімінің бұнысын Үкімет басшысы сынға алды. Тіпті, орталықтан осындай қаржы сұрап, хат жазудың өзі ұят екенін айтты.
«Сіздер Үкіметке хат жазып, қол қоярдың алдында сәл ойланыңыздар. Кейбір хаттарыңызды қараудың өзі ұят. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешу үшін орталықтан 30 млн теңге сұраған. Бұл енді күлкілі ғой. Жергілікті мәселені шешуге 30 млн теңге табуға болады ғой. Сондықтан хатты жолдар алдында дұрыстап ойланып, қарап алыңыздар», - деді Бақытжан Әбдірұлы.