30 нау, 2021 сағат 06:15

Суэц каналындағы кеме қозғалысы қайта жанданды

Суэц каналында Ever Given контейнер тасушы көлденең қайраңдап қалғаннан кейін бір аптадан соң онда кемелер қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды dw.com.

Дүйсенбі түнде канал әкімшілігі су арнасына 110-нан астам кеме шығады деп хабарлады. Каналға таяу тұста бес жүзге жуық кеме жиналып қалған. 

Triple Е санатына жататын 400 метрлік контейнер тасушы MV Ever Given Суэц каналының оңтүстік бөлігінде 24 наурызға қараған күні қайраңға тұрып қалды. Қытайдан Нидерландыға қарай беттеген кеме күре су жолының екі жағындағы қозғалысты толықтай бұғаттап тастады. Контейнер тасушыны жалдаған тайвандық Evergreen компаниясы бұл жағдай ауа райының қолайсыздығынан туындады деп отыр. Қатты жел екпінімен кеме өз бағытынан ауытқып кеткен.

Құтқару командалары контейнер тасушыны 29 наурызға қараған түні қайраңнан шығарды. Ол үшін жүк тасушы кеменің айналасын тереңдетіп қазуға тура келді. 

1869 жылы ашылған Суэц каналы Таяу Шығыстан Еуропа мен АҚШ-қа мұнай тасымалдайтын маңызды маршрутқа айналған. Ол - кеме көп өтететін әлемдегі ең маңызды сауда маршруты. Оның үлесіне ғаламдық теңіз саудасының 10 пайызы келеді.

Каналдың ұзындығы – 160 шақырым, ені – 250 метр. Ал тереңдігі – 20 метр.

Сарапшылардың айтуынша, Ever Given кемесінің кептелісінен әлем экономикасы күніне он миллиард доллар зиян шекті.