Дүйсенбі күні қайраңнан шығарылған Суэц каналындағы Ever Given контейнер тасымалдаушы кеме қатты желдің салдарынан жартылай бұрылып, қайтадан су жолында көлденеңдеп тұрып қалды. Бұл туралы Reuters агенттігі куәгер мен канал әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, бұл ретте позицияның өзгеруіне қарамастан, кеме қайтадан қайраңға шықпаған. Басқа мәліметтер әзірге берілген жоқ.
Al Arabiya телеарнасы хабарлағандай, кеме каналда қайтадан көлденеңінен тұрып қалды, себебі арнаның ағысы судың көтерілу әсерінен бағытын өзгертті. Оны фарватерге кері сүйреп апару әрекеттері ағыс бағытын өзгерткеше уақытша тоқтатылды.