27 ақп, 2024 сағат 12:22

Судьялар ауыс-түйісі: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Фото:Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойды. Құжат "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланды деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 23 судья қызметінен босатылған.

Соның ішінде:
9 судья – отставкаға кетуіне байланысты;
6 судья – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты;
2 судья – қайтыс болуына байланысты;
2 судья - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметтен босату қажет екені туралы сот жюриінің шешімі бойынша;
1 судья – өз өтініші бойынша;
1 судья – басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
1 судья - зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
1 судья - судьяның кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімі бойынша.