30 сәу, 2024 сағат 16:09

Су тасқынынан зардап шеккен қостанайлықтардың өтемақысына қанша қаражат бөлінді?


Бүгін Қостанай облысының құзырлы орган өкілі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеуге және біржолғы әлеуметтік төлемдерге қанша қаражат бөлінгенін айтты деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


Бүгінгі таңда Қостанай облысы бойынша су тасқыны салдарынан мүліктік шығындарды қалпына келтіру және өтеу бойынша 2439 өтініш келіп түскен. Төлем бойынша шешімдерді комиссиялар жылжымайтын және жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеру жүргізу шамасына қарай қабылдайды.

"Облыс әкімі халыққа барлық төлемдерді қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Осы мақсатта облыстық төтенше резервтен халыққа келтірілген залалды өтеуге және біржолғы әлеуметтік төлемдерді төлеуге 4,9 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді.Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерде жол инфрақұрылымын, электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларға қарадат бөлінді", -деп отыр Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алма Жүсіпова.


Арқалық қ. - 1535 млн. теңге;

- Қостанай ауданы-419,0 млн. теңге;

- Амангелді ауданы - 1070 млн. теңге;

- Жангелдин ауданы-643 млн. теңге;

- Қостанай қ. - 480 млн. теңге;

- Қарасу ауданы - 253 млн. теңге.

ТЖД-275 млн. теңге, жолаушылар көлігі басқармасы – 237 млн.теңге, энергетика басқармасы-36 млн. теңге.


"Сонымен қатар, біздің облыс Үкіметінің төтенше резервінен Арқалық қаласында пәтер сатып алуға 405,0 млн.теңге көлемінде алғашқы транш бөлінді, 30 пәтер сатып алынды", -деді Жүсіпова.


Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, су тасқыны салдарынан мал өлімі 981 басты құрады.  

"Мал бойынша өтеу бағалау жүргізу шамасына қарай жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күні бағалау бойынша есептер 806 бас бойынша дайын, төлем 161 млн.теңге сомасына жүргізілді", -деп отыр Алма Жүсіпова. 


Сондай-ақ маманның сөзінше біржолғы әлеуметтік көмек бойынша 739 млн. теңге сомасына 1915 өтініш бойынша Төленді, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасуда.  ТМҚ ( Тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.) бойынша зиянды өтеу басталды – 7,5 млн. теңге келтірілген залалдың мөлшерін бағалауға сәйкес жүзеге асырылады, бірақ 150 АЕК (553 800 теңге) аспайды.