17 сәу, 2024 сағат 09:10

Су тасқынына байланысты Қазақстанның бес өңірінде 11 жол жабық тұр


Фото: БҚО әкімдігі


ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы бүгін 08:30–дағы соңғы ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Оған сенсек, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) жалпы ұзындығы 7575 шақырым болатын 8 жол учаскесінде су тасқыны болған. 


5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.


Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 техника мен 438 адам жұмыс істеп жүр.