Фото:Азаттық рухы
Елде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты Qoldau.gov.kz ресурсы іске қосылады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Платформа барлық қажетті ақпаратты бір сайтта жинақтау үшін құрылып отырғанын ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Аталған ресурс қолдау шаралары туралы өзекті деректер, онлайн-өтініштер, жедел қорытындылар, соңғы жаңалықтар, ресми тұлғалардың өтініштері, министрліктер мен әкімдіктердің шығарылымдары.Барлық деректер мүмкіндігінше тез жаңартылып, қосылмақ.
"Су тасқыны басталғаннан бері ОКҚ базасында республикалық ақпараттық штаб ашылды. Осы уақыт ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 170-ке жуық брифинг өткізілді. Үкімет зардап шеккен өңірлердегі ахуал туралы және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған барлық шаралар туралы дереу хабардар етеді. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде адамдар көптеген ақпарат алған жағдайда, оны тексеруге, ресми дереккөзбен кеңесуге мүмкіндігі болуы маңызды", -деп отыр вице-министр.