18 сәу, 2024 сағат 15:55

«Су кет». АҚШ-та жүрген Марат Омаров жаңа ән шығарды


Қазақстандық танымал әнші әрі композитор Марат Омаров су тасқынынан зардап шеккен отандастарына ән жазып шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Әнші қазіргі таңда Америка құрама штаттарында жүр. Өнер иесі елдегі жағдайға асқан алаңдаушылық білдіріп, жаңа ән шығарған.

Алыста жүрседе,осы болып жатқан жайтты көріп,әкемнің жүрегі ауырып шыққан әні…, - деп жазды әншінің қызы Зарина Омарова.

Желі қолданушылары өнер иесінің әнін жылы қабылдаған.

"Жақсы мағыналы жүректен шыққан жылағың келеді", "Су кет кет деп ән шығарыңыз енді", "Әнін естіп, көзге жас келді, шын жүректен шыққан", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.



Еске сала кетейік, сазгер пандемия кезінде "Коронавирус, кет, кет, кет" деген әнін шығарған еді.