08 сәу, 2017 сағат 09:54

Стокгольмдегі терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Швеция полициясы Стокгольмдегі терактіге қатысы бар делінген екінші күдіктіні ұстады.

SVT телеарнасының ақпаратына қарағанда, ер адам қала түбіндегі Хьюлста (Hjulsta) қолға түскен.

Оның өзге де күдіктілермен байланысы бар делініп отыр.

Бұдан бұрын полиция Мэрста шағынауданындағы дүңгіршектердің бірінде ер адамды ұстағандығы хабарланған болатын. 39 жастағы ер адам полиция іздеп жатқан күдікті тәріздес киінген.

Оның киімінен шыны сынықтары табылған.