Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның солтүстік өңіріне Ресей тарапынан қауіп төнуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
СІМ басшысы Үкімет отырысынан кейін үзілісте журналистерге берген жауабында ондай жағдай болуы мүмкін емес екенін айтты.
"Өздеріңіз білесіздер, екі мемлекет арасында тиісті құқықтық база бар. Шекарамыз делимитациядан өткен. Қазір демаркация процесі жүріп жатыр. Демаркация дегеніміз - шекараны шегелеп, анықтау, белгілеу. Бұл процесс 2-3 жылда бітеді ", - деді ол.