11 шіл, 2024 сағат 14:55

Соколов-Сарыбай шахтасында жұмысшы қаза болды


Фото: Егемен Қазақстан

Қостанай облысындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту орнында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы кен-байыту орнының баспасөз қызметі мәлімдеді, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Кен орнындағы жұмысшы қазасын мекеме жазатайым оқиға деп бағалап отыр.

"280 метр деңгей жиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты",  -делінген хабарламада.


Оқиға қатысты тергеу басталды.