Алматыдағы тау-шаңғы курорттарының біріндегі оқиға келушілердің назарын аударды. Қазақтың ұлттық киімін киген бойжеткен сноубордпен қарлы беткейден түсіп, дәстүр мен заманауи спортты үйлестіре білді.
Куәгерлер оның образын айрықша әрі көз тартарлық деп бағалады. Ұлттық киім, сәнді оюмен безендірілген камзол мен бас киім ақ қардың аясында ерекше көрінді. Киімнің көлемділігіне қарамастан, бойжеткен сноубордты сенімді басқарып, қар беткейін шебер еңсеріп, көрермендердің ризашылығына бөленді.