30 қыр, 2016 сағат 09:25

Слекишинаны зорлаған майорға қатысты сот үкімі шықты

Алматыда абақтыда Наталья Слекишинаны зорлады деп айыпталған түрме бақылаушысына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Түрксіб аудандық соты 37 жастағы ЛА-155/18 қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Руслан Хәкімовті тоғыз жылға бас бостандығынан айырды. 

Сотталушының мүлкі тәркіленіп, майор атағынан айырылды. Сонымен қатар, Хәкімовке өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сот үкімін судья Айсара Жылқыбаева шығарды.

Слекишинаның өзі бұл үкімге ризашылығын білдірді.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірленуші сол Слекишина болып шығады. 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын. 

"Мемлекеттік айыптаушы жаңа айыптау актісін толтырды, онда сотталушыға мына баптар бойынша жаңа айып тағылды: ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 4-пункті (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану), 120-бабының 2-бөлігінің 2-пункті (өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау әрекеті), 146-бабының 2-бөлігінің 2-пункті (Бірнеше рет азаптау). 21 қазанда мемлекеттік айыптаушы сот процессінде тараптарға жаңа айыптауларды баяндады", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Толығырақ:https:///crime/slekishinanyi-zorlagan-mayorga-katyistyi-sot-ukm-shyiktyi-273142/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.