#
#
Сейсенбі 24/11/2020

СҚО-да қоныс аударушыларға сапасыз салынған үйлер үшін әкім жазаланды

  • 20.11.2020
  • 0
  • 78

Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың ауданының әкімі қоныс аударушыларға арналған үйлердің нашар сапасы үшін жазаланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасымен Аққайың ауданында жүргізілген қызметтік тексеру аяқталды. Тексеру жұмыс күші көп өңірлерден қоныс аударушыларға арналған жеке тұрғын үйлердің сапасына қатысты өтті. Нәтижесінде баспана құрылысында жіберілген олқылықтар уақытында жойылмағаны үшін аудан әкімі Рустем Елубаев қатаң сөгіс алды. Жаңадан салынған үйлерде табылған олқылықтар белгіленген мерзімде жойылуы қажет. 

Ресми мәліметте, өңір басшысының аудан әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшыларына жауапкершілікті еске салып, қызметтерінен босатылатындығын ескерткендігі айтылған. 

Бұған дейін Аққайың ауданына оңтүстік өңірлерден көшіп келген тұрғындар әлеуметтік желіде үйлерінің сапасыз салынғанын, суық екенін айтып шағымданған еді. Сөздеріне қарағанда, аудан әкімі олардың мәселесіне мән бермеген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар